Виртуалды қабылдау
1
бүгін
13
апта ішінде
9
бір айға
25
барлығы
Қабылдауға жазылу
Келестік жас дарындар 7-8 сынып оқушыларына арналған облыстық олимпиадаға қатысып жатыр
Бүгін Түркістан қаласында орналасқан “Білім инновация” лицейінің базасында жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтіп жатыр.
Олимпиадаға Келес ауданынан 3 мамыр жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша 12 оқушы, 4 мамыр қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша 12 оқушы, жалпы 24 оқушы қатысады. Жас дарындар 12 пән бойынша білім бәсекесіне түседі.
Олимпиаданың мақсатты оқушылардың зияткерлік қызмет пен ғылыми білімге деген қызығушылығын дамыту, білім алушылардың қабілеттерін, бейімділігін іске асыру үшін жағдай жасау, дарынды балалармен жұмысты іске асыру шеңберінде ерте бейіндеу болып табылады.
Дарынды шәкірттерімізге сәттілік тілейміз!