Виртуалды қабылдау
1
бүгін
13
апта ішінде
9
бір айға
25
барлығы
Қабылдауға жазылу
Балалар мен жасөспірімдердің өз денсаулықтарына жауапкершілігін нығайту, салауатты өмір дағдыларын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту өзекті мәселе екенін атап өткен жөн.
Осы мақсатта Келес ауданында жазғы демалыс кезінде балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында әлеуметтік мәртебесі бар, жетім балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған, тұрмысы төмен және көпбалалы, үздік, оқушылар жазғы сауықтыру лагерлеріне жіберіліп жатыр.
Бүгін осындай санаттағы 200 оқушы бюджет есебінен “Тау гүлі” лагеріне жіберілді. Лагерь ұжымының басты мақсаты — сауықтыруға, білімге және балалардың көңілін көтеретін шараларға басымдық беру болып табылады. Мұнда қосымша білім беру педагогтары балаларға бағыт-бағдар беріп, түрлі үйірмелермен қамтуға жағдай жасалған.
Жас өрендер жаңа дос тауып, демалыстарын көңілді өткізеді деген сенімдеміз.