Түркістан облысының білім басқармасының "Келес ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Абай ауылы, А.Жылкышиев аллеясы №2, тел: 8-(72532)-3-15-81

Виртуалды қабылдау

ФИО

1

бүгін

13

апта ішінде

9

бір айға

25

барлығы

Қабылдауға жазылу

Түркістан облысының білім басқармасының «Келес ауданының білім бөлімінің» мемлекеттік мекемесіне қарасты «№25  «С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі уақытша бос педагог лауазымына КОНКУРС  ЖАРИЯЛАЙДЫ.

Түркістан облысының білім басқармасының «Келес ауданының білім бөлімінің» мемлекеттік мекемесіне қарасты «№25  «С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектебі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі уақытша бос педагог лауазымына КОНКУРС  ЖАРИЯЛАЙДЫ.

«Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 362 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 486 бірлескен бұйрығын (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылы 25 желтоқсанда №35525 болып тіркелді) басшылыққа ала отырып:              

Түркістан облысының білім басқармасының «Келес ауданының білім бөлімінің» мемлекеттік мекемесіне қарасты «№25  «С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі уақытша бос педагог лауазымына

КОНКУРС  ЖАРИЯЛАЙДЫ.

Конкурс жарияланған  мекеменің атауы: «№25  «С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне уақытша бос жұмыс  орнындағы  педагогтар:

Конкурс жарияланған  лауазымның атауы: «№25  «С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне уақытша бос педагог  лауазымы:

Математика пәні мұғалімі  (уақытша бос)- 8 сағат жүктемесі.

Еңбек ақы төлеу мөлшері:

Еңбек сіңірген жылдары және білім беру ұйымдарының орналасқан жеріне байланысты 100 000 (Жүз мың ) -150 000 (бір жүз жиырма мың) теңгеге дейін.

Конкурсқа құжаттарды қабылдау және өткізу  орны: Түркістан облысының білім басқармасының Келес ауданының білім бөліміне қарасты «№25  «С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Орналасқан жері: Түркістан облысы, Келес ауданы, Келес ауданы, Қошқарата а.о., Бесқұбыр ауылы., С. Сейфуллин көшесі, 12А пошта индексі 160-905, телефон +7(778)-645-47-47, электронды мекен жайы s.seifullin25@mail.ru

Кандидаттың негізгі функционалдық міндеттері:

«Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығының 3 тарау 7-параграф 64 бөліміне сәйкес функционалдық міндеттер.

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

Конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап жеті 7-жұмыс күні.

Конкурсқа қатысу үшін тапсырылуы қажетті құжаттар тізбесі:

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде мынадай құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератор немесе педагог-сарапшы немесе педагог-зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілік санатының болуы туралы куәлікті (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе айелтс IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) – 60-65 балл көрсеткіші бар сертификат;

11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады;

12) осы Қағидаларға 1718-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;

13) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.

Аталған құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.

Пайдалы ақпараттық ресурстар