Түркістан облысының білім басқармасының "Келес ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Абай ауылы, А.Жылкышиев аллеясы №2, тел: 8-(72532)-3-15-81

Виртуалды қабылдау

ФИО

1

бүгін

13

апта ішінде

9

бір айға

25

барлығы

Қабылдауға жазылу

Түркістан облысының білім басқармасының «Келес ауданының білім бөлімінің» мемлекеттік мекемесіне қарасты «№ 2 Адема» бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны бос педагог лауазымына КОНКУРС  ЖАРИЯЛАЙДЫ.

  «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығы. (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 31 наурызда №35900 болып тіркелді) басшылыққа ала отырып:     

Түркістан облысының білім басқармасының «Келес ауданының білім бөлімінің» мемлекеттік мекемесіне қарасты «№ 2 Адема» бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны бос педагог лауазымына

КОНКУРС  ЖАРИЯЛАЙДЫ.

Конкурс жарияланған  мекеменің атауы: «№ 2 Адема» бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны бос жұмыс  орнындағы  педагогтар:

Конкурс жарияланған  лауазымның атауы: «№ 2 Адема» бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны тұрақты бос педагог  лауазымы:

Әдіскер  – 1 (штат).

Еңбек ақы төлеу мөлшері:

Еңбек сіңірген жылдары және білім беру ұйымдарының орналасқан жеріне байланысты 100000 (жүз мың ) -210000 ( екі жүз он мың) теңгеге дейін.

Конкурсқа құжаттарды қабылдау және өткізу  орны: Түркістан облысының білім басқармасының Келес ауданының білім бөліміне қарасты «№ 2 Адема» бөбекжай-бақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

Орналасқан жері: Түркістан облысы, Келес ауданы, Абай ауылы, Т.Рысқұлов көшесі №125 ғимарат, пошта индексі 160907,  телефон +7(701) 348 83 15,  электронды мекен жайы adema.2010@inbox.ru 

Кандидаттың негізгі функционалдық міндеттері:

«Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығының 3 тарау 7-параграф 64 бөліміне сәйкес функционалдық міндеттер.

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

Конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап (7) жеті жұмыс күні.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде мынадай құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу( тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7)психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератор немесе педагог-сарапшы немесе педагог-зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілік санатының болуы туралы куәлікті (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS — айелтс) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) – 60-65 балл көрсеткіші бар сертификат;

11) осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;

12) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.

Осы Қағидалардың 113-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтаруға негіз болып табылады.

Ақпаратты нақтылау үшін байланыс телефон +7(701) 348 83 15,  электронды мекен жайы adema.2010@inbox.ru 

Пайдалы ақпараттық ресурстар