Түркістан облысының білім басқармасының "Келес ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Абай ауылы, А.Жылкышиев аллеясы №2, тел: 8-(72532)-3-15-81

Виртуалды қабылдау

ФИО

1

бүгін

13

апта ішінде

9

бір айға

25

барлығы

Қабылдауға жазылу

Түркістан облысының білім басқармасының «Келес ауданының білім бөлімінің» мемлекеттік мекемесіне қарасты «№40 Ғ. Мұратбаев  атындағы жалпы  білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директордың оқу-ісі орынбасары лауазымына КОНКУРС  ЖАРИЯЛАЙДЫ.

«Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығы. (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 31 наурызда №35900 болып тіркелді) басшылыққа ала отырып:             

Түркістан облысының білім басқармасының «Келес ауданының білім бөлімінің» мемлекеттік мекемесіне қарасты «№40 Ғ. Мұратбаев  атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директордың оқу-ісі орынбасары лауазымына

КОНКУРС  ЖАРИЯЛАЙДЫ.

Конкурс жарияланған  мекеменің атауы: «№40 Ғ. Мұратбаев  атындағы жалпы  білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Бос лауазымға.

Конкурс жарияланған  лауазымның атауы: «№40 Ғ. Мұратбаев  атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне директордың оқу-ісі орынбасары лауазымына:

Еңбек ақы төлеу мөлшері:

Еңбек сіңірген жылдары және білім беру ұйымдарының орналасқан жеріне байланысты 100 000 (Жүз мың ) -150 000 (бір жүз жиырма мың) теңгеге дейін.

Конкурсқа құжаттарды қабылдау және өткізу  орны: Түркістан облысының білім басқармасының Келес ауданының білім бөліміне қарасты «№40 Ғ. Мұратбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Орналасқан жері: Түркістан облысы, Келес ауданы, Ақтөбе ауылдық округі, Ғ. Мұратбаев ауылы, Береке көшесі №1 ғимарат, пошта индексі 160918, телефон +7(72532)7-51-44,электронды мекен жайы m93-gmuratbaev@mail.ru

Кандидаттың негізгі функционалдық міндеттері:

«Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығының 3 тарау 7-параграф 64 бөліміне сәйкес функционалдық міндеттер.
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
Конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап (7) жеті жұмыс күні.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде мынадай құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу( тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7)психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератор немесе педагог-сарапшы немесе педагог-зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілік санатының болуы туралы куәлікті (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS — айелтс) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) – 60-65 балл көрсеткіші бар сертификат;
11) осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
12) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.

Осы Қағидалардың 113-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтаруға негіз болып табылады.

Ақпаратты нақтылау үшін байланыс телефоны мен электрондық адрес: +7(72532)7-51-44,            m93-gmuratbaev@mail.ru

Пайдалы ақпараттық ресурстар