Түркістан облысының білім басқармасының "Келес ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Абай ауылы, А.Жылкышиев аллеясы №2, тел: 8-(72532)-3-15-81

Виртуалды қабылдау

ФИО

1

бүгін

13

апта ішінде

9

бір айға

25

барлығы

Қабылдауға жазылу

Түркістан облысының білім басқармасының «Келес ауданының білім бөлімінің» мемлекеттік мекемесіне қарасты «№40 Ғ. Мұратбаев  атындағы жалпы  білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директордың бейіндік ісі орынбасары лауазымына КОНКУРС  ЖАРИЯЛАЙДЫ.

 «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығы. (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 31 наурызда №35900 болып тіркелді) басшылыққа ала отырып:            

Түркістан облысының білім басқармасының «Келес ауданының білім бөлімінің» мемлекеттік мекемесіне қарасты «№40 Ғ. Мұратбаев  атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директордың бейіндік ісі орынбасары лауазымына

КОНКУРС  ЖАРИЯЛАЙДЫ.

Конкурс жарияланған  мекеменің атауы: «№40 Ғ. Мұратбаев  атындағы жалпы  білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Бос лауазымға.

Конкурс жарияланған  лауазымның атауы: «№40 Ғ. Мұратбаев  атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне директордың бейіндік ісі орынбасары лауазымына:

Еңбек ақы төлеу мөлшері:

Еңбек сіңірген жылдары және білім беру ұйымдарының орналасқан жеріне байланысты 200 000 (Жүз мың ) -250 000 (бір жүз жиырма мың) теңгеге дейін.

Конкурсқа құжаттарды қабылдау және өткізу  орны: Түркістан облысының білім басқармасының Келес ауданының білім бөліміне қарасты «№40 Ғ. Мұратбаев атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Орналасқан жері: Түркістан облысы, Келес ауданы, Ақтөбе ауылдық округі, Ғ. Мұратбаев ауылы, Береке көшесі №1 ғимарат, пошта индексі 160918, телефон +7(72532)7-51-44,электронды мекен жайы m93-gmuratbaev@mail.ru

Кандидаттың негізгі функционалдық міндеттері:

«Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығының 3 тарау 7-параграф 64 бөліміне сәйкес функционалдық міндеттер.

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

Конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап (7) жеті жұмыс күні.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде мынадай құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу( тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7)психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;

11) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.

Осы Қағидалардың 113-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтаруға негіз болып табылады.

Ақпаратты нақтылау үшін байланыс телефоны мен электрондық адрес: +7(72532)7-51-44,            m93-gmuratbaev

 

Пайдалы ақпараттық ресурстар