Түркістан облысының білім басқармасының "Келес ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі

Абай ауылы, А.Жылкышиев аллеясы №2, тел: 8-(72532)-3-15-81

Виртуалды қабылдау

ФИО

1

бүгін

13

апта ішінде

9

бір айға

25

барлығы

Қабылдауға жазылу

Түркістан облысының білім басқармасының «Келес ауданының білім бөлімінің» мемлекеттік мекемесіне қарасты «№64  жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  бос педагог лауазымына КОНКУРС  ЖАРИЯЛАЙДЫ.

«Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығы. (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 31 наурызда №35900 болып тіркелді) басшылыққа ала отырып:     

Түркістан облысының білім басқармасының «Келес ауданының білім бөлімінің» мемлекеттік мекемесіне қарасты «№64  жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  бос педагог лауазымына

КОНКУРС  ЖАРИЯЛАЙДЫ.

Конкурс жарияланған  мекеменің атауы: «№64 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бос жұмыс  орнындағы  педагогтар:

Конкурс жарияланған  лауазымның атауы: «№64 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне  тұрақты бос педагог  лауазымы:

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары – 1 штат бірлік (тұрақты)

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбары – 2 штат бірлік (тұрақты)

Директордың беиін ісі жөніндегі орынбары – 1 штат бірлік (тұрақты)

 АӘД пәні – 1 штат бірлік (тұрақты)

Тәлімгер – 1 штат бірлік (тұрақты)

Ағылшын тілі пәні мұғалімі –16 сағат (тұрақты)

Ағылшын тілі пәні мұғалімі-16 сағат (тұрақты)

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі – 16 сағат (тұрақты)

Қосымша білім беру – 1 штат бірлік (тұрақты)

География пәні мұғалімі – 16 сағат (тұрақты)

Кәсіби бағдар – 1 штат бірлік (тұрақты)

Технология пәні мұғалімі – 16 сағат (тұрақты)

Мектепалды даярлық тобының жетекшісі – 3 штат бірлік (тұрақты)

Әлеуметтік педагог – 1 штат бірлік (тұрақты)

Педагог психолог– 0.5 штат бірлік (тұрақты)

Кітапхана меңгерушісі – 1 штат бірлік (тұрақты)

IT инжинері – 1 штат бірлік (тұрақты)

Еңбек ақы төлеу мөлшері:

Еңбек сіңірген жылдары және білім беру ұйымдарының орналасқан жеріне байланысты 130000 (тоқсан мың ) -140000 ( жүз  мың) теңгеге дейін.

Конкурсқа құжаттарды қабылдау және өткізу  орны: Түркістан облысының білім басқармасының Келес ауданының білім бөліміне қарасты «№64 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Орналасқан жері: Түркістан облысы, Келес ауданы, Ақтөбе ауылдық округі, Ғ.Мұратбаев елді мекені, Мамыр көшесі 82 «А» пошта индексі 160918,  телефон +7-771-364-01-01,  электронды мекен жайы: m64mektep64@mail.ru

Кандидаттың негізгі функционалдық міндеттері:

«Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығының 3 тарау 7-параграф 64 бөліміне сәйкес функционалдық міндеттер.

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

Конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап (7) жеті жұмыс күні.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде мынадай құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу( тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7)психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) педагогтер лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератор немесе педагог-сарапшы немесе педагог-зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілік санатының болуы туралы куәлікті (бар болса);

11) осы Қағидаларға 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;

12) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.

Осы Қағидалардың 113-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтаруға негіз болып табылады.

Ақпаратты нақтылау үшін байланыс телефон +7-771-364-01-01, 

электронды мекен жайы: m64mektep64@mail.ru

 

 

Пайдалы ақпараттық ресурстар