Виртуалды қабылдау
1
бүгін
13
апта ішінде
9
бір айға
25
барлығы
Қабылдауға жазылу
Келесте бала тәрбиесіндегі отбасының маңыздылығы талқыланды
Келес ауданы N7 жалпы білім беретін мектебінің базасында “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында отбасы тәрбиесінің бала дамуындағы орны мен психологиясына әсері жайында аймақтық семинар өтті.
Кәмелетке толмағандар арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын-алу, оқушылар арасында ішкі үйлесімділікті орнату, позитивті көңіл-күй, жақсы ой, ата-анамен және мектеппен жағымды қарым-қатынас орнатуды басты мақсаты еткен семинарға әлеуметтік педагогтар, педагог-психологтар мен ата-аналар қатысты.
Семинарда N28 “Мақташы” жалпы білім беретін мектебінің педагог-психологы Р.Дүйсенова ата-аналармен психологиялық тренинг ұйымдастырса, N3 Ә.Молдағұлова атындағы жалпы білім беретін мектебінің педагог-психологы Ф.Еспулганова мектеп пен отбасы ықпалдастығы туралы айтты.
Сонымен қатар, N31 Ш.Уәлиханов және N19 Б.Майлин атындағы жалпы білім беретін мектебінің әлеуметтік педагог мамандары Ж.Айтымбетова мен У.Дилдабаева өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды педагогикалық қолдау туралы түсіндірме жұмысын жүргізді.
Оқушылардың әлеуметтік дағдыларын дамытуда отбасы рөлінің басымдылығы сөзсіз. Сондықтан оқу-тәрбие процессінде ата-аналармен бірлесе атқарылған жұмыстар нәтижелі болмақ.