Виртуалды қабылдау
1
бүгін
13
апта ішінде
9
бір айға
25
барлығы
Қабылдауға жазылу
Түркістан облысы құрылғаннан кейін 2018 жылдың 8 маусымы күні төртінші рет Келес ауданы қайта әкімшілік-аумақтық бөлік мәртебесін иеленді. Осыған орай, сол жылы ауданымыздағы білім беру жүйесімен жұмыс жасау мақсатында Келес аудандық білім бөлімі құрылды. Бөлімде 3 маман, 1 бас есепші (бухгалтер), 1 экономист және 25 есепші жұмыс жасайды.
Сонымен қатар білім бөлімі жанында әдістемелік кабинет жұмыс жасай бастады. Алғашында 6 әдіскерден құралған әдістемелік кабинетте қазіргі таңда 17 әдіскер қызмет атқарады.
Ауданда жалпы 63 мемлекеттік, 2 жеке мектеп, 3 қосымша білім беру ұйымы балаларға білім береді. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының саны – 12 мемлекеттік, 84 жекеменшік, 2 шағын орталық жұмыс жасайды.